Жолдау – ұлттық мүдде мен жаһандық трендті ұштастырған, елді жаңа цифрлық дәуірге жетелейтін маңызды тарихи құжат

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған стратегиялық бағдар. Жолдауда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, экономиканы әртараптандыру мәселелері басты назарға алынған.
Бұл құжаттың ерекшелігі – ғылым мен білімді жаңа технологиялық ортаға бейімдеп, жас ұрпаққа инновациялық ойлау қабілетін қалыптастыруды көздеуі. Сонымен қатар, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздік пен деректерді қорғау тетіктерін жетілдіру – Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын маңызды бағыттардың бірі.
Степной ауылдық модельді кітапханасының меңгерушісі Жанахмет Мөлдір Сағынқызы




