8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Асқар Жүсібалиевтің тұрғындарды құттықтауы
Ардақты аналар, аяулы арулар!
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің шуақты шаңырақтарыңыз бен нәзік жүректеріңізге көгілдір көктем өзінің гүлдерімен, мейірімді күлкісімен және ақ тілегімен бірге енеді. Біздер өзіміз үшін ең аяулы жандарға – қамқор аналарымыз бен әжелерімізге, өмірлік серіктестерімізге, сүйікті апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең жақсы тілектерімізді арнаймыз. Бойларыңыздан әркез табылатын мейірімділік пен рухани байлық және даналықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздер мынау әлемді үйлесім мен қуанышқа толтырып, біздің өмірімізді жүрек жылуымен нұрландырасыздар.
Қазіргі қоғамымызда әйелдер тек отбасының береке-бірлігін ойлап қана қоймайды, мемлекетіміздің өркендеуіне және саяси-әлеуметтік, мәдени мәселелеріне белсене араласып келеді. Көп балалы аналар, дәрігерлер мен мұғалімдер, мәдениет пен спорт қайраткерлері, бизнес өкілдері, әскери адамдар, журналистер – барлығы да қоғамымыздың негізгі құндылықтары – бірлікті, жасампаздық пен тұрақтылықты нығайта отырып, мемлекетіміздің сенімді тірегі бола білді!
Бұл мереке күні сіздердің ылғи да сүйкімді, жарқын, әдемі болып жүре берулеріңізге тілектестігімді білдіремін, өмірге деген құштарлықтарыңыз бен жігерлеріңіз жалындай берсін!
Сіздердің көпшілікке төккен мейірімдеріңіз бен шапағаттарыңыз, айналадағы адамдарға деген ыстық ықылас-пейілдеріңіз, қолдау-көмектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Бүгінгідей әсемдік пен сұлулық мерекесі күні сіздерге және жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Мейірімге толы жүректеріңіз бақыт ләззатына, қуаныш пен шаттыққа кенеле берсін!
Құрметпен,
аудан әкімі А.Жүсібалиев