4 маусым — ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары! ​ ​ ​

​ ​ ​ ​   Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын.​

​ ​ ​ ​ ​ Бұл күн барша қазақстандықтар үшін патриоттық пен намыстың мерекесі.Себебі, Ту, Елтаңба және Гимн өз мемлекеттілігін ғасырлар бойы аңсаған азат ұлттың орындалған арманының белгісі. Сондықтан да әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор, орны айрықша.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, елдің тарихы мен құндылығын әлемге танытар Елтаңбамызбен және елдің паттриоттық сезімін оятып, рухын көтеретін ​Мемлекеттік Гимнімізбен айбынды ел бола білдік.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бүгінде мемлекеттік нышандарымыз еліміздің басты символдарына айналып, көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық беделді ұйымдарда желбіреп, дүниежүзілік олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жеңіске жеткен кезде Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Мұндай тарихи сәттерге өздеріңіз үнемі куә болып жүрсіздер.

«Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер». Демек, мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекетіміздің бет-бейнесі ғана емес, оның тарихы және әрбір адамның өз еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан, біздің мемлекеттік рәміздеріміз тарихтың тереңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін айшықтайды.

Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық.  Отбастарымызға амандық, бақыт, елімізге тыныштық тілеймін!

 

Құрметпен,

аудан әкімі А.Жүсібалиев