22 наурыз-Ұлыстың ұлы күніне орай тұрғындарды аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірлі қонақтар!

 

     Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – барша түркі халықтарына ортақ мереке.

Наурыз – ата-бабамыздың даңқын дәріптеген дәстүрлі рәміз. Бүгінгі биік рухымыздың да, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің де өзегі осында. Олай болса, біз үшін бұл күн – риясыз шаттық пен қуанышқа толы мереке.

Наурыз жер бетіндегі тіршілік атаулыны ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт берекенің көзін ашып, күн мен түн теңелген күн. Елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған күн. Наурыз мейрамы – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы! Тарихи тамырын тереңнен тартқан        Наурыз мейрамы қай кезде де, қай заманда да еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі болып келген.

«Білімге жүгінгеннің жүгі жеңіл, дәстүрге жүгінгеннің тұзы жеңіл» деген нақыл сөз тегін айтылмаса керек. Халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесіне айналған Наурыз мейрамы құтты болсын!

Мемлекетіміз өркендеп өсіп, еліміздің әл-ауқаты күн санап артып келе жатыр. Отанымыздағы береке-бірліктің, бейбітшіліктің арқасында тәуелсіз еліміздің экономикасы қарқынды даму үстінде.

Өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, құрылыс, жер, жол және көлік қатынасы, энергетика мен экология, әлеуметтік саясат сияқты аса маңызды салаларды кешенді түрде қолға алдық деп нық сеніммен айта аламыз.

Ардақты ағайын!

   Сіздерді Ақ босағадан аттаған Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық, ырыс пен ынтымақ және отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен,

аудан әкімі А.Жүсібалиев