Платформа Еуразиялық даму банкінің гранттық қаражаты есебінен әзірленіп жатыр. Жобаны іске қосу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған. Қазіргі уақытта министрліктің Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы бассейн инспекциялары мен «Қазсушар» қызметкерлеріне жүйемен жұмыс істеу жөнінде оқу семинарларын өткізіп жатыр.

Ведомствоға қарайтын ұйымдардың басшыларына Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізілетін деректердің дәлдігі мен өзектілігін қатаң қадағалау тапсырылды.