2026 жылдан бастап көлік салығы азаяды

Келер жылдан бастап елімізде көлік салығыныңесептелу тәртібі өзгереді. Жаңа Салық кодексінесәйкес, әсіресе ескі және қозғалтқыш көлемі үлкенкөліктерге салынатын салық азаяды.
Бұл жаңалық еліміздегі көлік иелерінің басымбөлігіне әсер етпек. Ұлттық статистика бюросыныңдерегінше, қазір шамамен 6 миллионға жуық көліктіркелсе, соның 2,5 миллионы 20 жылдан астамуақыттан бері қолданыста жүр.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік салығыкөліктің шыққан жылына және қозғалтқышыныңкөлеміне қарай есептеледі. Бұрын қозғалтқышкөлемі 3-4 литр аралығындағы көліктер үшін салықмөлшері 35-тен 66 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) арасында болса, енді бұл көрсеткіш 15 АЕК-кедейін қысқарады. Ал 4 литрден асатынқозғалтқышы бар көліктер бұған дейін 500 мыңнан800 мың теңгеге дейін салық төлеп келсе, 2026 жылдан бастап бұл санаттағы көліктер 117 АЕК, яғни шамамен 460 мың теңге көлемінде салықтөлейтін болады.
Сондай-ақ көліктің шығарылған уақытына қарайжеңілдіктер енгізіледі: егер көлікке 11 жылдан 20 жылға дейін уақыт өтсе – 30% жеңілдік, ал 21 жылдан асса – 50% жеңілдік беріледі. Мысалы, базалық салық мөлшері 60 мың теңге болса, көлікиесі 15 жылдық көлік үшін 42 мың теңге, ал 25 жылдық көлік үшін 30 мың теңге төлейді.
Бұдан бөлек, құны 75 миллион теңгеден асатынкөліктерге қосымша 10% көлемінде акциз салығыенгізіледі. Бұл салықты көлікті алғаш реттіркегенде немесе қайта сатқанда төлеу қажетболады.
Айта кету керек, 2025 жылға арналған көліксалығын 2026 жылғы 1 сәуірге дейін төлеуміндетті.
Қарғалы -АҚПАРАТ




