9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қарғалылықтар және тыл еңбеккерлері!

   Жеңіс күніне байланысты менің шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл қасиетті мереке барлығымыз үшін біздің халқымыздың теңдессіз ерлігі мен батылдығының өшпес үлгісіне айналды. Біздің Отанымыздың тәуелсіздігі мен намысын қорғаған аталарымыз бен әкелеріміздің ұлы ерлігімен мақтанамыз, азат етуші-жауынгерлердің ерлігі алдында басымызды иеміз.

Ұлы Отан соғысының әрбір жауынгерінің есімі еліміздің тарихына, бүкіл адамзаттың тарихына алтын әріптермен жазылған. Біздің тарихымызда бұл ұлы күннің  қалай келгенін ешқашан ұмытпаймыз. Соғыстың қасіреті ешбір адамды, ешбір отбасыны айналып өтпегені белгілі.

Бүгінгі буын Жеңіс жауынгерлері алдында мәңгі борыштар, сондықтан да ардагерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету үшін аудандық деңгейде барлық мүмкін болған нәрселерді жасаудамыз.

Қымбатты жерлестер!

Бұл ерекше күнде сіздерге мықты денсаулық, жан-жақтарыңызға бейбітшілік, ізгілік пен береке, шуақты сәттер тілеймін!

Құрметпен,

аудан әкімі Н.Унербаев