«Жылдың үздік қоғам белсендісі» атты патриоттық байқау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Жылдың үздік қоғам белсендісі» атты патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.