Жыл қорытындысы. Су және газбен қамту жұмыстары

Өңірдің орнықты дамуының негізгі факторларының бірі – сумен жабдықтау.

Биыл 2 мыңнан астам тұрғыны бар 7 ауылды сумен қамтылды.
Бұдан өзге, ауылдарға одан әрі көгілдір отын тарту міндеті өзекті болып қала береді.
Биыл 2 мыңға жуық халқы бар 5 ауылды газдандыруды аяқтап, қамтамасыз ету үлесі 95,7%-ға дейін жеткізілді.
Сонымен қатар, 2023 жылы айтылғандай, өңірдегі магистральды газ құбырларының жүктеме мәселесі шешілді.
Биылғы жылы «Бұхара-Орал» газ құбырының үшінші желісін салу жобасы аяқталу сатысында. Бұл алдағы 50 жылда облыс орталығындағы газ тапшылығын шешуге толық мүмкіндік береді.