Жыл қорытындысы. Құрылыс саласы

Биылғы жылы 308,9 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. 886,4 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 млн ш.м.-ге жетеді деп күтілуде.

Әлеуметтік нысандар арасында 12 мектеп пен 21 денсаулық сақтау нысанының құрылысы ерекше назар аудартады. Сонымен қатар, 3 жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

Бұл жетістіктер өңірдің тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.