Жыл қорытындысы. Аудан тұрғындарының пікірі

Әр түрлі адамның қызметі еңбегіне қарай бағаланатынын ескерсек, аса бір ірі кәсіп ашып, көзге түспесек те қатардағы қарапайым қызметкермін. Осы көзге көрінбейтін еңбекті бағалап, көңіл бөлгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мен осы аудан орталығына  келгеннен  кейін әр салада еңбек еттім. Ал 2011 жылдан бастап, Бадамша ауылдық округі аппаратында шаруашылық меңгерушісі болып қызмет етемін. Оған қоса биыл елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» акциясына да қосқан үлесім де баршылық.

Қазіргі таңда ауданымыз күннен күнге дамып, әлеуеті көтерілуде. Жаңадан ғимараттар салынуда. Аудан орталығының 90%-ы асфальтталды. Сонымен бірге шалғай елді мекендердің жолдары да асфальттанған. Мені қуантарлығы – соңғы бір Велихов ауылдық округінің орталығына да газ барып жатқаны.

Мен жұмыстан кейін, өз автокөлігіммен сауда орындары мен кейбір өзіме бөлінген тұрғын үйлердің қоқыстарын жиып-теруді біраздан кәсіп етіп келемін. Шындығында жеке кәсіпкермін. Осы орайда биылғы көктем айында басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ауданымыз белсене қатысты. Мен де акция аясында сенбіліктерге белсене қатысып, жиналған бірнеше тонна қоқыс қалдықтарын өзімнің автокөлігіммен шығаруға атсалыстым. Мен бұл әрекетімді жариялауым, міндетсіну емес, өзім тұрып жатырған ауылымның тазалығына қосқан азаматтық үлесім деп білемін. Бұл еңбегімді бағалаған аудан басшысы да алғыс хатпен марапаттады. Бұл қарапайым еңбегімнің еленгені деп білемін. Әркез қолдан келетін көмегімді аянып қалған емеспін. Осы ауданда тұрып, аудан дамуына аз да болса өз үлесімді қосып жүргеніме қуаныштымын.

Бадамша ауылдық округінің шаруашылық меңгерушісі

Каюпов Қайрат