Жыл қорытындысы: Ақтөбеде ауыл шаруашылығы саласының қарқыны жоғары
Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 15,5 млрд. теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде мал шаруашылығы – 5,9 млрд. тг., өсімдік шаруашылығы – 1,3 млрд. тг., инвестициялық салымдар – 2,7 млрд. тг., басқа бағыттар – 5,6 млрд. тг.
Көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде биылғы жылдың 11 айында 333млрд. теңгеге өнім өндірілді. Жіктеп көрсетсек,мал шаруашылығы – 174,8 млрд. тг., өсімдік шаруашылығы – 155,2 млрд. тг., орман және балық шаруашылығы – 3 млрд тг.
Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2 900-ден астам жоба мақұлданып, 15 млрд. теңгеге 2 706 жоба қаржыландырылды. Қалған өтінімдерге қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мал шаруашылығы саласында төрт түліктің өсімі орташа есеппен 110 процентті құрады (ірі қара – 119,6%, қой -100,0%, жылқы – 118,6%, түйе – 108,3%).
Өсімдік шаруашылығына қатысты, биылғыжылы 403 мың гектар дәнді дақылды алқаптан 559 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 130 мың тоннаға артқан немесе 30%-ға өскен.
Ауыл шаруашылығы саласын бұдан әрі дамыту мақсатында, алдағы жылдарда (2024-2026 жж.) инвестиция көлемі 51 млрд. теңгені құрайтын 95 жобаны іске асыру жоспары тұр.
Оның ішінде 2024 жылы инвестиция көлемі 1,1 млрд. теңгені қамтитын 16 жоба жүзегеасырылды. Нақтырақ айтқанда, 9 жоба – мал шаруашылығында (репродуктор), 2 жоба – жылыжай суармалы жерлерін игеру, екеуі – қайта өңдеу саласында, екеуі – астық қоймаларын салу және балық шаруашылығын дамыту – 1 жоба.
Сонымен бірге, агроөнеркәсіп кешен субъектілерін несиелендіру бағдарламасы бойынша шамамен 32 млрд. теңгеге 10 жобаны жүзеге асыру көзделуде.