Жосықсыз бәсекелестік: заңнамалық шеңбер және қоғам үшін маңызы  

Қазіргі заманда бәсекелестік – нарықтық экономиканың қозғаушы күші.Бірақ бұл бәсекелістік әділдік пен заңға сүйенген жағдайда ғана тиімді болмақ.

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 163-бабына сәйкес монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 177 – бабы нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) немесе бірнеше нарық субъектілерінің (тұлғалар тобының) Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік айналым әдет-ғұрыптарына, парасаттылық, парасаттылық және әділдік талаптарына қайшы келетін және нарықтың басқа субъектілеріне-бәсекелестерге не нарықтың басқа субъектілеріне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін Кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға бағытталған кез келген іс-әрекетін жосықсыз бәсекелестік деп таниды.

Басқаша айтқанда, жосықсыз бәсекелестік – бұл салауатты бәсекелестіктен асып түсетін нәрсе. Яғни, сауда және басқа да әділ әдет-ғұрыптарға қайшы келетін кез-келген бәсекелестік әрекеттер.

Жосықсыз бәсекелестікке оның ішінде мынадай әрекеттер жатады:

📌 тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін дараландыру құралдарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;

📌басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;

📌бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;

📌нарық субъектісінің беделін түсіру;

📌көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама;

📌мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);

📌бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) бойкот жасауға шақыру;

📌сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру;

📌нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;

📌сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;

📌сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;

📌коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;

📌тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;

📌нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы;

📌тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау.

Мұндай әрекеттер кәсіпкерлердің құқығын бұзып қана қоймай, тұтынушыны адастырып, сенімсіз нарық ортасын қалыптастырады. Сондықтан ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мұндай заңбұзушылықтарды анықтап, заң аясында жауапкершілікке тартады.

Әрбір кәсіпкер мен нарық қатысушысы өз қызметінде заң мен іскерлік әдебін басшылыққа алуы тиіс. Өйткені адал бәсекелестік – сапаның кепілі, тұтынушы сенімінің негізі және ұлттық экономиканың тұрақты дамуының алғышарты.

Осыған байланысты, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстың нарық субъектілерін (бизнес қоғамдастығын) өз қызметін жүзеге асыру кезінде адал, ашық жауапты бәсекелестік қағидаттарын басшылыққа алуға шақырады.

Ж.БЕРНИЯЗ,

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті

қорғау және дамыту агенттігінің

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің

тергеп-тексеру бөлімінің бас маманы