Жоспарлы екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберуге рұқсат беру мәселесі
Ағымдағы жылдың 28 наурызы күні ZOOM платформасы арқылы Қарғалы аудандық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Гулнара Мұхтасарова мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айнагуль Бержанова бірлесе отырып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері мен медицина қызметкерлеріне арнап “Жоспарлы екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберуге рұқсат беру мәселесі” тақырыбында онлайн форматта семинар өткізді.
Семинар мақсаты — аудан аумағында орналасқан мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі кемінде 90% деңгейде болуын және мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар балалар арасында жиі кездесетін аурулардың алдына алу және балалар өміріне қауіпті жағдайларды болдырау мақсатында санитариялық талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
Семинар барысында ҚР ДСМ 2020 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР ДСМ-289 бұйрығымен бекітілген “Жоспарлы профилактикалық екпелерді және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу” қағидасына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтудың шекті деңгейі кемінде 90% деңгейінде сақталу және жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың топтардағы үлесі 10%-дан аспайтын болған кезде ғана жүзеге асырылуы туралы қатысушыларға түсіндірді.
Семинар барысында маңызды сұрақтар талқыланып, жауапты мамандар тарапынан ұсыныстар берілді.
Жұлдыз КЕНЖЕ