ЖОЛДАУДА ЕЛІМІЗДЕГІ ТҮЙІНДІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ  

 Зинелгабдин ДЕРБИСПАЕВ,     

 Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі бойынша

ақсақалдар кеңесінің төрағасы

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында балаларды қорғау заңының қабылдауы Қазақстан Республикасының болашағы үшін өте дұрыс шешім болды. Ойын құмарлық болашаққа балта шабу болып табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасы өсе түскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып келетінін атап өтті, осыған орай халықтың әл ауқаты жақсарып келетіні байқалады. Әрбір жоба іске асып, ауылдарда кәсіпкерлік шаруалары дамуда.

Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет. Осы мәселе бойынша Президентіміз Үкімет ұлттық банкпен бірлесіп, осыған қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс деп атап өтті.

Ұлттық қорды тиімді және алдымен мемлекеттің мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет деді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша, электронды форматқа көшуіміз халық үшін дұрыс шешім екеніне күмәніміз жоқ. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттілігінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өтті. Мысалы: тұтыныушыларға арналған тарифтердің орынсыз өсуіне жол бермеу. Су қорын жинап, оны тиімді пайдаланып ирриграция жүйесін дұрыс қолдану.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе» деп тоқталып өтті. 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Адал, табанды жұмыс жасайтын жас мамандарды дайындау, сұранысқа ие мамандық бойынша оқыту жүйесін реформалау шешімі қабылданды.

Балаларды және отбасыларды қорғау бойынша сәби күтіміне өтемақы бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды. Бұл да болса балаға деген қамқорлық.

Баршамызға мәлім көктемдегі халықтың судан шеккен зардабын, еліміздегі жалпы ұлттық «Таза Қазақстан акциясы» бойынша ауыл аймақта жүргізіліп жатқан тазалық шарасы жалғасуда. Ауыл жастары мен тұрғындары бірнеше айдан бері жүзеге асыруда.

Кадр мәселесіне келсек, автоматтандырған жүйе әділ және сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді деп есептейміз. «Қарызсыз коғам» жобасы жүзеге асырылуда, көктем айларында аудан аймағында жұмыстарын жүргізді және де жалғасын табады деп ойлаймын.

Аудан ақсақалдары кеңесінің қатысуымен үгіт-насихат жұмыстары әрдайым жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, басқа діни ағымға бет бұрудың алдын алу шараларына қатысып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

ТегтерПікір