Жолдау — жарқын болашаққа батыл қадам

Қанат ҚАРТБАЕВ,

Қарғалы аудандық орталықтандырылған

кітапхана жүйесінің әдіскері

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы сегізінші рет сайланған Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялап, ІІІ сессияны ашты.

ҚР Конституциясының 59 бабына сәйкес Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектілеріне тоқталып, алдағы жылдарға арналған негізгі басымдықтарды белгіледі. Құжатта әлеуметтік саланы жақсарту, экономикалық өсу және инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары ұсынылған.

Президент мемлекеттік институттарды одан әрі нығайту, инновациялық технологияларды дамыту және білім сапасын арттыру қажеттігіне тоқталды. Ол жолда әлемдік тәжірбиедегі үздік әдіс-тәсілдерді, жасанды интелектті пайдаланудың басымдықтарын атап өтті. Сонымен қатар, жолдауда кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін маңызды болып табылатын шағын және орта бизнесті қолдау шаралары атап көрсетілген.

Жолдауда азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту, әлеуметтік әділеттілікті нығайту бойынша маңызды міндеттер айқындалғанын да айта кеткен жөн. Жалпы, айтылған бастамалар мен ұсыныстар еліміздің одан әрі дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға деген ұмтылысты көрсетеді.

Оң жақтарына қарамастан, сыншылар нақтырақ іс-шаралар жоспары мен ұсынылған іс-шараларды жүзеге асырудың нақты тетіктері қажет екенін айтады. Алға қойған мақсаттардың қалай жүзеге асатынын және олардың түптеп келгенде қандай нәтиже беретінін бақылау маңызды болмақ.

ТегтерПікір