Жолдау 2024: Ақтөбеде 10 млрд теңгеге цемент зауыты салынады

Мемлекет басшысының еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбеде батыс өңіріндегі ең ірі цемент зауыты салынады.

Инвестор Ақтөбеде жаңа цемент ұнтақтау стансасын салу жобасын жүзеге асыруға 20 млн доллар бөледі. Жылдық қуаты 1 миллион тонна болатын цемент шығаратын жаңа нысан Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының сұранысын өтейді.

Жоба еліміздің құрылыс индустриясын дамытудағы маңызды кезең болады, сонымен қатар өндіріс шығындарын азайтады.

Айта кету керек, жоба инвесторы – AKKERMANN CEMENT – қазірдің өзінде жылына 500 мың тоннаға дейін цемент тұтынатын Ақтөбе облысының цемент нарығында жетекші орынға ие. Кәсіпорын облысқа жылына кемінде 300 мың тонна өнім береді, бұл жергілікті нарықтың 60-65 пайызын қамтамасыз етеді.

Жаңа жоба ел экономикасын дамытуға, жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге және сапалы құрылыс материалдарының қолжетімділігін арттыруға қомақты үлес болмақ.

ТегтерЖолдау-2024