ЖОБА ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
2022 жылы бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы облыста жақсы қарқын алып, қаржы жылда еселеп құйылуда.
Осындай ауылдықтарға жігер берген жобаға Ақтөбе облысымыз белсенділік танытқаны баршамызға белгілі. Солардың арасында біздің ауданымыз да болып, өткен жылы ортаңғы топтан көрінген болатын. Жобаның жүзеге асырылу барысын бұған дейін де хабардар еткенбіз.
Жоба биыл да ауданымызда жалғасын табуда. Солардың ішінде Бадамша ауылдық округі жоғары екпінмен бастады. Біз де жоба барысын білмекке ауылдық округтің бас маманы Гүлсезім Ахметовамен хабарлсақан болатынбыз.
Өткен 2023 жылы 46 жобаға ауылдық шаруалар қатысып, қазір кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Биыл 2024 жылы 20 адам жобаға өтініш беріп, соның 18-і мақұлданып қатысушылар игілігін көре бастаған. Биылғы қабылданған 18 жобаға 128 807720 теңге игерілді.
Жалпы алғанда биылғы жылы жобаға 25 адам қатысады деп межеленген.
Бақыт ИМАШЕВ