Жетістік – еңбектің нәтижесі

 

6 сәуір күні Ақтөбе қаласында “Dance non stop” халықаралық хореография байқауы өтті. Көптеген бишілер бақ сынаған сайыста жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрініп, зор жетістікке қол жеткізді.

Байқауға ұжымдық номинация бойынша аудандық мәдениет үйінің “Наз”халықтық би ансамблінің кіші тобы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Ал жеке номинация бойынша Батихан Айша І орынды, Сағитжан Жандая  бас жүлдеге ие болды.

Өнерлі өрендерді биге дайындаған жетекшісі Назым Қойшықарақызы да табанды еңбегі мен жеткен жетестігінің нәтижесінде алғыс хатпен марапатталып,  “Үздік хореограф” төс белгісін тағынды.

Бұл кішкентай бишілердің алғашқы жарысы емес. Олар бұған дейін де талай жарысқа қатысып олжалы болып жүрген би ұжымы ауданымыздағы көпшілік шаралардың сәнін келтіріп, белсенділік танытып келеді.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА