Жедел жəрдемге – жаңа көлік

Өткен аптада ауданның денсаулық саласы мен ауданға қарасты Ш.Қалдаяқов ауылының отбасылық дәрігерлік амбулаториясы жаңа жедел жәрдем көліктерімен қамтылды.

         Желтау ауылдық округіне қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында қазіргі таңда  екі мыңға жуық тұрғын бар.  Аталмыш ауылда отбасылық дәрігерлік амбулаториясы тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Осы орайда аудан әкімі Асқар Жүсібалиев ауылдық округке іс-сапармен барып, Ш.Қалдаяқов ауылының дәрігерлік амбулаториясына арнайы соғып,  жаңа жедел жәрдем автокөлігінің кілтін табыстады.

Сонымен қатар, аудан басшысы аудандық аурухана ұжымына да барып,  су жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыс етті. Бұл көліктер, аудан тұрғындарына әсіресе, шалғайда орналасқан елді мекендерде науқастарға жедел медициналық қызмет көрсетеді. Бүгінде аудандық ауруханасының техникалық паркі, ескірген көліктердің орны, жыл сайын жаңа көліктермен толығуда.

Қарғалы-АҚПАРАТ.