Жазғы демалыстың жарқын сәттері

Жаз – балалардың асыға күтетін, қуаныш пен шаттыққа толы шуақты шақ. Сабақтан босаған бүлдіршіндер үшін бұл мезгіл – жаңа әсерлер мен жарқын естеліктерге толы қызықты демалыстың кезеңі. Биыл ауданымыздағы барлық білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерьлері өз жұмысын жалғастыруда.

Соның бірі – Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасында 2–13 маусым аралығында ұйымдастырылған жазғы сауықтыру лагері. Бұл лагерьге әлеуметтік жағынан аз қамтылған және осал топтағы 20 отбасының балалары қамтылды. Балалардың сапалы әрі толыққанды тамақтануына аудан кәсіпкерлері демеушілік танытып, лагерь жұмысына жан-жақты қолдау көрсетті.

                                             

                                         

 

Балғындарға білім мен тәрбие беруде тәжірибесі мол мамандар – Асылгүл Уразбаева, Ақмаржан Тайжан, Арайлым Байтөре және Балымжан Шырақбаева жетекшілік етті.

Лагерьдің басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қызықты өткізу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, жаңа тәжірибелер мен жағымды эмоциялар сыйлау.

— Балалардың лагерьдегі әр күні түрлі қызықты шараларға толы болды. Олар таңды көңілді жаттығумен бастап, дәмді таңғы аспен күш жинады. Күн бойы спорттық жарыстар, танымдық және шығармашылық іс-шараларға белсене қатысты. Сонымен қатар табиғат аясында серуендер, түрлі экскурсиялар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер ауданымыздағы кітапхана, музей, полиция бөлімі мен өрт сөндіру қызметі секілді маңызды мекемелердің жұмысымен танысты. Осындай мазмұнды да мәнді шаралар балалардың жазғы демалысын есте қаларлықтай етіп, шаттық пен қуаныш сыйлады, – дейді лагерь тәрбиешісі Асылгүл Уразбаева.

 Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА