Жатыр мойыны обырына (АПВ) қарсы вакцинациялау
Қазақстанда 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап адам папиллома вирусына қарсы 11 жастағы қыздарды жоспарлы және 12-13 жастағы қыздарды ілеспелі иммундау жүргізіліп жатыр.
Және де адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.
Вакцинациялау ата-анасының келісімін алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады.
Жатыр мойны обыры – жатыр мойны эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. Қазақстандық әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын жалғыз обырдың түрі. Жатыр мойны обырының ең жоғарғы деңгейі 40 – 44 жаста.
Қазақстанда әйелдердің арасындағы онкопатология құрылымында жатыр мойны обыры (ЖМО) сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын «жатыр мойны обыры» диагнозы 1800 әйелге қойылады, жыл сайын осы аурудан 600 қазақстандық әйел қайтыс болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жатыр мойны обырын жою жөніндегі жаһандық стратегиясы денсаулық сақтау мәселесі ретінде жол картасын қамтиды:
— Вакцинациялау қыздардың 90%- ы 14 жасқа дейін АПВ вакцинасымен толық егілуі керек.
— Скрининг: әйелдердің 70%- ы 35 жасында және 45 жасында жоғары тиімді тест арқылы скринингтен өтуі керек.
— Емдеу: обыралды бар әйелдердің 90% және инвазивті обырға шалдыққан әйелдердің 90% емделуі керек.
Жатыр мойны обырына қарсы қалай вакцинациялау керек. Вакцина алдын алу құралы болып табылады және әрине, оның әрекеті бұрыннан бар ісіктерді емдеуге бағытталған емес. Жатыр мойны обыры бар әйелдердің адам папилломасы вирусын жұқтырғаны анықталғандықтан, вакцина инфекцияның алдын алуға бағытталған. Вакцина, статистика бойынша он жағдайдың сегізінде вирустың даму қаупін азайтады.
М.БАҚТЫБАЕВА,
аудандық аурухананың салауатты өмір салтын
қалыптастыру кабинетінің маманы