Жатыр мойны обыры
Жатыр мойнының обыры әйелдерде ең көп кездесетін онкологиялық дерттің бірі.
Жатырдың төменгі бөлігінде жатыр мен қынапты біріктіріп тұратын мойын, яғни босану жолы бар. Жатыр мойнының обыры 16,18,31,33,35 немесе 39 түрге жататын адам папилломасының вирусынан туындаған цервикалды интраэпителиалды неоплазия нәтижесі болып саналады. Көбіне жатыр мойнының обырына 45-50 жастағы әйелдер шалдығады. Алайда онкологтар соңғы уақытта бұл аурудың жас әйелдерден де анықталып жатқанын айтуда.
Жатыр мойны обыры Қазақстанда 15 пен 44 жас аралығындағы әйелдердің қатерлі ісігінің жетекші себептері арасында 5-ші орында. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 500-ден астам әйел қайтыс болады.
Жатыр мойны обырының пайда болу себептері:
-темекі шегу;
-иммундық жүйенің әлсіреуі;
-бұрын болған немесе ағымдағы хламидий және жыныс жолымен берілетін басқа да инфекциялар;
-артық салмақ;
-үш немесе одан да көп мерзіміне жеткен жүктілік;
-жүктілікке қарсы дәрі-дәрмекті ұзақ уақыт қабылдау;
-17 жасқа дейін бала көтеру;
-әлеуметтік төмен статус;
-онкологиялық ауруларға, соның ішінде жатыр мойнының обырына тұқымдық бейімділік.
Жатыр мойны обырының профилактикасы – адамдардағы папиллома вирусына қарсы екпелердің болуы. Ол обыр дертіне шалдығу және АПВ жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді. Жатыр мойнын циологиялық тексеру ең тиімді әдістің бірі саналады. Оны үш жылда бір рет орындау қажет. Жатыр мойнын тұрақты тексеру – бұл осы аурудың дамуын болдырмаудың негізгі әдісі. Сондықтан барлық қыз-келіншек өз денсаулығына әркез қамқорлық көрсетуі керек.
Айнагуль БЕРЖАНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы