«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Жаңа Қазақстанның ЖЫЛ АДАМЫ» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Республикалық байқауына қатысушылар:
Білім және ғылым саласының мамандары;
Медицина саласының мамандары;
Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
Кәсіпкерлер;
Есепшілер;
Қоғам қайраткерлері;
Ауыл-шаруашылық мамандары;
Энергетика саласының мамандары;
Ақпарат саласының мамандары;
Заң саласының қызметкерлері;
Әскери қызметкерлер;
Экономистер;
Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
Әлеуметтік қызметкерлер;
Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
Мемлекеттік қызметкерлер;
Құрылыс саласының мамандары;
Дарынды жастар.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мысалы: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.)
қоса тіркелуі тиіс. Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2024 жылдың қараша айының 24-не дейін қабылданады.
Байқау қатысушыларына:
- Арнайы тағайындалған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» атты ордені;
- Орденді куәландыратын КУӘЛІК;
- «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» статуэткасы;
- ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ беріледі.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында, желтоқсан айында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен орден табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/ Электронды почта: ruhany.jangiru.17@bk.ru Инстаграм паракшасы: @bilim_orkenietі_ Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 747 192 2007
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ӨМІРБАЯНМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ
Қатысушының тегі, аты-жөңі |
|
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
Қызмет орны, лауазымы | |
Байқау атауы | «Жаңа Қазақстанның ЖЫЛ АДАМЫ» |
Телефон, ұялы, е-mail.ru | |
Сапалы түрлі-түсті ¾ фотосы |