Заң мен тәртіп: Ақтөбеде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында пилоттық жоба іске қосылды

Ақтөбеде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылды, оның шеңберінде қоғамдық көліктерге және жедел жәрдем көліктеріне жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеуге арналған автоматтандырылған құрылғылар орнатылады.    Нәтижесінде қоғамдық көліктер мен жедел жәрдем көліктері жолда жүрген кезде куә болған бұзушылықтарды автоматты түрде тіркей алатын болады. Жүйенің тіркеген бұзушылықтары автоматты тұрде полицияға келіп түседі, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты – жолда қозғалысына қатаң бақылау жасау мен жол қауіпсіздігін арттыру болып табылады. Бұл технологиялар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жүргізушілердің жалпы тәртібін жақсартуға, қозғалыстың барлық қатысушылары үшін қауіпсіз жол ортасын құруға ықпал етеді деп күтілуде.