Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында ұрлық саны азайды

​Атап айтқанда, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 10%, ұрлық 22,5 %, мал ұрлығы 32%, тонау 24% азайды.
​Бопсалау, бұзақылық және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың саны да төмендеді. Қылмыстардың ашылу деңгейі жақсарды.
​Бейнебақылау камераларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзумен байланысты 138 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
​261 есірткі саласындағы құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 458 кг астам есірткі, оның ішінде 6 кг астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.
​Өзекті мәселе – киберқылмыстар болып қала береді: жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 735 фактісі тіркелді.
​Іздеуде жүрген 44 қылмыстық қылмыскер ұсталды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 1289 адам табылды.