Заң мен тәртіп: Ақтөбе облысында «Пиротехника» іс — шарасы басталды

ҚР ІІМ-нің нұсқаулығына сәйкес республика аумағында 2024 жылдың 5 желтоқсанынан бастап 2025 жылдың 3 қаңтар аралығында 2 кезеңнен тұратын «Пиротехника» жедел профилактикалық іс – шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.

Аталған іс-шараға байланысты облыс көлеміндегі базарлар мен сауда орындарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.