ЮНЕСКО деңгейінде оқыту семинары өткізілді

Ақтөбе облысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ЮНЕСКО арасындағы меморандумға сәйкес «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» жобасы іске қосылды.
Жоба аясында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенконың сүйемелдеуімен «Қазақстанда сапалы дене тәрбиесі саясатын ілгерілету: дене тәрбиесі сапасын кешенді жақсарту» оқыту семинары өтті.
Семинар Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар секторының басшысы, Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің мүшесі Мақсат Байбековтің, экономика ғылымдарының кандидаты, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесінің сарапшысы Әлия Ілиясованың, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «балабақшадан үстел теннисі» жобасының жетекшісі Евгений Гончаровтың қатысуымен ұйымдастырылды.
Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының міндетін атқарушы Арман Ташметов және философия докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессорының м.а., сарапшы, Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің мүшесі Светлана Отаралы онлайн қатысып, дене тәрбиесі пәнінің берілу жағдайы, мәселелері мен тиімділігін арттыру жолдарын көрсетті.
Оқыту семинарының бірінші бөлімінде «Сапалы дене тәрбиесі: инклюзивті оқыту және ЮНЕСКО-ның дене тәрбиесіндегі гендерлік теңдік принциптері», «Қазақстандағы дене тәрбиесі: жағдайы, мәселелері, тиімділігін арттыру жолдары», «Ақтөбе облысында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту» тақырыптары бойынша балалар спортын дамыту мәселелері талқыланып, дене тәрбиесінің сапасын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Екінші бөлімде семинар ұйымдастыруышылары жас буынмен кездесіп, ақыл кеңестерін айтып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.