Василий Прокофьевич Синчук

Василий Прокофьевич Синчук(15.02.1921 – 01.02.1944) – екінші дүниежүзілік соғысқа  қатысушы, әскери ұшқыш, Кеңес Одағының батыры (1944).)

Өмірбаяны: Синчук Василий Прокофьевич 1921 жылы 15 ақпанда Херсон ауылында (қазіргі Ақтөбе облысы) қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Отбасы 1931 жылы Орскке қоныс аударды және мектепте оқып жүргенде Василий жергілікті аэроклубқа барды. № 1 кіші орта мектептің 7 сыныбын (қазіргі Орск қаласының № 10 мектебі) бітірген. Василий көңілді және ерте жастан бастап ұшқыш болуды армандаған. Василий Синчук алдымен Орск аэроклубына оқуға түсті, ол соғысқа дейінгі жылдардан бастап жастарға өте танымал болды, содан кейін К.Е. Ворошилов атындағы Чкалов әскери авиациялық ұшқыштар училищесінде оқыды. Аталған оқуда мұғалімдер мен жолдастар Василийдің ерекше шеберлігін атап өтті. Ол 1939 жылы Чкалов ұшқыштар училищесін бітіріп,  Қиыр Шығысқа жіберілді.

1921 жылы  Херсонскіде, қазіргі Ақтөбе облысында туған. 1942 жылы қыркүйек айында Волхов майданында соғысқа кірісті. Кейіннен звено командирі, авиациялық атқыштар полкі командирінің көмекшісі болды. В.Синчук жүргізіп келе жатқан истребительдер тобы 1942 жылғы 25 қазанда дұшпанның үш көлік ұшағын құлатты. 1942 жылғы 10 қарашада Подберезье-Хатынь ауданында болған әуе шайқасында ержүрек ұшқыш екі ұшақты атып құлатты. 1943 жылы мамыр айында авиациялық атқыштар полкінің звено командирі болып тағайындалған ол жаңа «Ла-5» ұшағын шапшаң меңгеріп, «барлаушы» ұшқыштардың басшысы болды. 1944 жылғы  ақпан айында әуе шайқасында қаза тапты.

Василий Прокофьевич Синчук Уторгош кентінің зиратына жерленді, оның қабіріне гранитті обелиск орнатылды. Майданда болған бір жарым жылдан аз уақыт ішінде ол қатардағы ұшқыштан жауынгерлік полк командирінің көмекшісіне дейінгі шайқаста жүріп, 305 жауынгерлік миссия жасады, шабуыл соққыларымен жаудың 150-ге дейін сарбаздары мен офицерлерін жойды, 50-ші әуе шайқасында жаудың 12 ұшағын жеке өзі және топта 2 ұшақты атып түсірді.

Қарғалы-АҚПАРАТ