Үнсіз қалма!
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстанда және бүкіл әлемде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өтуде.
Акцияның негізгі мақсаты – жалпы халықты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен таныстыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік кеңес беру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ қолда бар сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Соңғы жылдары елімізде осы салада заңдылықты нығайту бойынша тиімді заңнамалық және практикалық шаралар қабылданып, тұрмыстық қылмыстардың алдын алудың құқықтық тетіктері жасалды.
Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, бүкіл әлемде сияқты, жаһандық проблема болып қалуда. Тәжірибе көрсеткендей, әйелдер өздерінің құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамамен көп жағдайда хабардар емес.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Сол себепті үнсіз қалмаңыз, Сізге әрдайым көмек қолын созуға дайын.
«Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ