ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 2-6 желтоқсан аралығында облысымызда алғаш рет ұлттық дәстүрлер ұлықталған «Сыбаға» фестивалі өтті.
Бұл ауқымды шара ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпаққа рухани тәрбие беру және қоғамда бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Фестиваль бес күнге созылып, әр күні ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге арналған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Сыбаға» фестивалінің салтанатты ашылуында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтқан негізгі идеологиялық бағыттарын атап, «Сыбаға» фестивалінің ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлін ерекше атап өтті.
Іс-шара негізінде 5 күнге арнайы атаумен бағдарлама құрылды. Бағдарлама аясында 2 желтоқсан күні – «Тағылым»: «Ұлттық рух тұғыры» ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 3 желтоқсан күні – «Дәуір дефилесі» ұлттық киімдер сән көрсетілімі және қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, 4 желтоқсан күні – «Салбұрын-2024» дәстүрлі аңшылық және ұлттық спорт түрлерінен турнир, 5 желтоқсан күні – «Береке» ұлттық тағамдарға арналған гастрономиялық фестиваль, 6 желтоқсан күні – «Сыбаға» кайырымдылық акциясы өткізілді.
Қарғалы-АҚПАРАТ