«Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу — ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Оның тиімділігі жалпы еліміздегі құқық бұзушылықтардың жай-күйі және мемлекетіміздің болашағын құрайтын отбасы институтының дамуына байланысты.
Осы орайда аудан аумағында ағымдағы жылдың 20-29 қаңтар аралығында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында, аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау болып табылады.
Сондай-ақ, әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының әркез бақылауында.
Республикалық іс-шара аясында ауданымызда атқарылған жұмыстар жайында аудандық полиция бөлімінен білген едік.
— Бұл «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы республика деңгейінде жыл сайын өткізіліп келеді. Шара аясында ауданымызда белсенді жұмыстар жүргізілді. Атап айтар болсам, учаскелік полиция инспекторлары қолайсыз әлеуметтік ортадағы отбасыларға арнайы барып, ондағы зорлыққа ұшырау белгілері бар балаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, «қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», «кәмелетке толмаған балаларын тәрбилеу бойынша өз міндеттерін атқармайтын ата-аналар» сондай-ақ, ІІО тізіміндегі есеп санаттары бойынша есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары жолға қойылды. Сонымен қатар, бұл іс-шара 29 қаңтарға дейін жалғасатын болады,-дейді аудандық ПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры Айдаралы Кужашев.
Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА