Туберкулез ауруынан сақтаныңыз!
Ауданымызда туберкулез ауруының жағдайы үнемі эпидемиологиялық манызды мәселе болып келеді.
Туберкулез ауру адамнан сау адамға ауа-тамшы арқылы беріледі, сондықтан ауруды кез келген жерден жұқтыруға болады.Туберкулез ауруының қоздырғышы сыртқы ортаның көптеген факторларының ықпалына төзімді болып, сұйық, кепкен қақырықта, аурудан бөлінген басқа заттарда, т.б. (микробтың ауру тудыратын мүмкіншілігі) сақталады.
Осындай жағдайлар, туберкулезді бірнеше жолдармен жұқтыруға мүмкіндік береді. Дені сау адамға туберкулездің таяқшалары кепкен қақырықтың бөлшектерімен тыныс жолдары арқылы түседі, сол сияқты ауру адаммен дені сау адам сөйлескенде, ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде шашырайтын түкіріктегі және сілекейдегі қоздырғыштар ауа ылғалы арқылы беріледі.
Туберкулез ауруының өзіне тән ерекше белгілері жоқ. Көбінесе туберкулез тұмау, бронхит ауруымен өтіп кетеді. Туберкулездің белгілері: егер науқаста төмендегі белгілердің біреуі анықталса, туберкулез ауруына күмән келтіру керек.
- Жөтел екі аптадан көп созылса.
- Қан түкірсе.
- Көкірегіндегі ауру екі аптадан көп болса
- Дене қызуы екі аптадан көп көтерілсе.
- Тершендік
- Тәбет пен салмақтың төмендеуі
Осы көрсетілген барлық белгілер басқада ауруларда болуы мүмкін, сол үшін өзіңіздін учаскелік дәрігердің қабылдауына барыңыз.
15 жастан жоғары адамдарға туберкулез ауруын ерте анықтау әдісіне флюоро тексеру, қақырықты тексеру жатса, 14 жасқа дейінгі балаларға Манту сынамасы қойылады. Сол себепті жыл сайын туберкулез ауруын ерте анықтау мақсатында флюорографиялық тексеруден өту және балаларға Манту сынамасын қойдыру қажет. Аурудың алдын-алу мақсатында БЦЖ вакцинасы перзентханада балаға 1-4 күндерінде енгізіледі.
Бұл өз кезегінде аурудың дамуы, асқынуы мен таралуын тежейді.
Арнаулы алдын-алу іс-шаралары: туберкулезге қарсы алдын ала егу, сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау, құнарлы тамақтану. Жеке гигиеналық ережелерді сақтау, бөлмелердің ауасын жие желдету және ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу.
Айнагуль БЕРЖАНОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы