TopIQ платформасы – мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретудегі тиімді құрал

Сурет интернеттен алынды
Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде интерактивті, баланың жас ерекшелігіне сай әдіс-тәсілдер өте маңызды. Сол бағытта TopIQ платформасын қолдану мен үшін үлкен көмек болды. Бүгінгі заманда цифрлық технологиялар білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Солардың бірі – TopIQ платформасы. Мен өз тәжірибемде бұл платформаны сабақ беру үдерісінде тиімді қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға және білім сапасын жақсартуға үлкен мүмкіндік алдым.
Мен TopIQ платформасындағы 4-сыныптарға арналған «Smile» оқулығын қолданып, оң нәтижесін көрдім. Оқу процесіне енгізілуіне келер болсақ, 4-сынып оқушыларына арналған тақырыптар – “My Family”, “Seasons”, “Food and Drinks”, “Daily Routine” сияқты бөлімдерді өткен кезде TopIQ платформасындағы дайын тапсырмалар мен бейнематериалдар балалардың қызығушылығын арттырды. Платформаның артықшылықтарына келер болсақ, TopIQ арқылы мен күнделікті сабақты жоспарлап, интерактивті тапсырмалар құрастыра алдым. Әр оқушы жеке аккаунт арқылы кіріп, өз деңгейіне сай тапсырмалар орындап, жедел нәтиже алды. Бұл мұғалім ретінде маған оқушы жетістігін қадағалап отыруға, әлсіз тұстарын анықтап, дер кезінде кері байланыс беруге жағдай жасады. Әр сабақта платформадан алған интерактивті жаттығулар, суреттер арқылы сөз үйрену, аудио тыңдау, тест орындау сияқты тапсырмалар тиімді өтті. TopIQ арқылы оқушы жетістігін бірден бақылауға алуды үйретті. Қай тапсырма қиындық туғызғанын көріп, соған байланысты жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік тудырды. Сонымен қатар, уақыт үнемделіп, дәптер тексеру сияқты рутиналық жұмыстар жеңілдеді. Оқушы белсенділігі артты. Оқушылар бұл платформаны қызығушылықпен қолданды. Геймификация элементтері, балл жинау, жарыс түріндегі тапсырмалар оларды ынталандырды. Әсіресе, менің байқауымша, ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерінде TopIQ арқылы дайындалған тапсырмалар нәтижелі өтеді.
TopIQ – мұғалімге үлкен қолдау. TopIQ мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Жүйеде сабақ кестесі, тақырыптық жоспарлар, дайын жаттығулар мен тесттер бар. Бұл уақыт үнемдеуге, шығармашылыққа көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Мектеп оқушылары үшін ағылшын тілін оқытуда TopIQ – заманауи, ыңғайлы әрі тиімді құрал болды. Балалар тіл үйренуді ойынмен байланыстырады, ал мұғалім үшін бұл – нәтижелі оқытудың сенімді көмекшісі. Жалпы, TopIQ – заманауи білім беру талаптарына сай келетін, оқушы мен мұғалім арасындағы тиімді цифрлы көпір. Болашақта бұл платформаның мүмкіндіктері кеңейіп, ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға да өз үлесін қосары анық.
Майя МУХАДИЕВА,
№2 Бадамша орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі