TopIQ білім платформасы, біздің мектепте!

   Адам бойындағы ең тамаша нәрсе — білім мен ақыл.

Жүсіп Баласағұни

     Алтын ұя мектептің жаны да, ары да – мұғалім.  Өнегелі ұстаздан  өрелі  шәкірт шығатыны белгілі. Себебі ұстаз қаншалықты қабілетті болса, оқушы да соншалықты талапты болмақ. XXI ғасыр-ақпараттық технологияның дамыған заманы. Қазіргі  білім беру  саласында  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгермейінше  сауатты, жан-жақты   маман  болу  мүмкін  емес. Өйткені, қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Мұғалімнің міндеті-рухы мықты, жан дүниесі бай, жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру екені барлығымызға белгілі.  Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесін жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында түрлі веб-платформалар өз пайдасын  тигізуде.

«№2 Бадамша орта мектебі» КММ-де 2023-2024 оқу жылында  «ТорIQ – цифрлық оқулықтар» платформасын барлық ұстаздар өз сабақтарында қосымша қолданды. Алдымен ТорIQ платформасы туралы толық ақпарат беріліп, мұғалімдердің қызығушылығын  оятты. Сол ұстаздардың ішінде мен де болдым.

Мен бастауыш сынып мұғалімімін. Сабақтарымда түрлі көрнекіліктер, интерактивті ойындар, қызықты тапсырмалар, т.б. қолданып оқушының оқуға  деген қызығушылығын арттырамын. Мен үшін TopIQ платформасын қолдану, сабағымды одан әрі жандандыра түсті. Бұл платформада оқулық электронды түрде беріліп, аудио, бейне материалдар, анимациялық тапсырмалар орналастырылған. Ең бастысы бастауыш сыныпта қалыптасатын төрт дағды (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) барлығы оқу мақсатына сай құрылған. Негізгі пәндердің тақырыптары толық түсіндіріліп, түрлі тапсырмалар, қосымша мәлметтер т.б. берілген. Сабақ үстінде оқушылар түрлі деңгейдегі тапсырмаларды жарыса орындайды және де өз білімдерін тексеру негізінде тапсырмалардың дұрыс жауаптарын көре алады.

                                             

Платформаның ең тиімді тұсы оқушылар тапсырмаларды кез келген уқытта, кез келген жерде өз смартфондары арқылы ашып, орындап, үй тапсырмасын пысықтай алады. Аталған платформа қазақ тілі, ағылшын тілі және орыс тілінде, мектепалды даярлық, 1-11-ші сынып аралығындағы оқулықтар бар.  Сонымен қатар, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін де пайдалы ақпарат көздері орналастырылған. Мен үшін TopIQ  платформасы ыңғайлы, жаңашыл, әрдайым қолжетімді, сапалы, үнемі менімен бірге!

Алдағы уақытта да осы платформамен жұмыс жасайтыныма сенім білдіре отырып, барлық ұстаздарды шақырамын.

 

Лайла КОПТЕНОВА,

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы «№2 Бадамша орта мектебі»КММ

бастауыш сынып мұғалімі