Тәуелсіз елдің болашағы – ортақ жауапкершілік

Бақыткерей Нұрқаев, зейнеткер

Мен зейнеткер ретінде елімізде болып жатқан оң өзгерістерге әрдайым бейжай қарамаймын. Әсіресе, 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – ел болашағына әсер ететін маңызды саяси науқан деп есептеймін. Бұл – халықтың сеніміне ие болған азаматтарды таңдап, олардың елдің дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін жауапты кезең.

Өмірлік тәжірибемнен түйгенім – мемлекеттің өркендеуі әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан сайлауға қатысу – тек құқық емес, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Бүгінгі таңда елімізде халықтың үнін тыңдауға, қоғамның пікірін ескеруге ерекше мән беріліп келеді. Құрылтай да осы мақсатқа қызмет ететін маңызды кезеңдерінің бірі.

Сондықтан Құрылтай депутаттарының сайлауына үлкен жауапкершілікпен қарап, өз таңдауымды жасаймын. Барша өңір тұрғындарын да бұл маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық белсенділік танытуға шақырамын. Әрбір берілген дауыс – еліміздің тұрақты дамуына, бірлігі мен берекесінің нығаюына қосылған үлес деп білемін.