«Тарихта қалсын есімің» акциясы

 Қазіргі кезде қоғамда музейдің алатын орны ерекше. Себебі, музей – кешегіміздің тарихы, бүгінгі күннің зерттеу орталығы, сондай-ақ, ертеңіміздің  кемел болашағы.

          Сондықтан да,  аудандық тарихи-өлкетану музейі аудан тұрғындарын «Тарихта қалсын есімің» атты акция аясында музей сөресінде алар орны бар құнды жәдігерлерді, көненің көзіне айналған бұйымдар, құжаттар, майдангерлер мен өлкеге танымал тұлғалар жайындағы деректер мен орден-медальдарын тапсыруға ат салысуға шақырады.

   

Игі шараның басты мақсаты — ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару. Ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, жәдігерлерді кәсіби тұрғыда сақтауға және көпшілік назарына ұсыну үшін аудандық музейге тапсыруға арналған бұл шараға аудан халқын белсене қатысуға шақыру.

Айта кететін жайт  «Тарихта қалсын есімің» акциясына қатысушы өзінің жинағындағы құнды жәдігерді, ел тарихына қатысты елеулі мұраны немесе елге белгілі тұлғаның қолданған заттарын музейге сақтауға табыстайды. Барлық сый-тартуларға (жәдігерлерге) заңдық негізде қабылдап алу шарты жасалып, олар музейдің қорына өткізілетін болады.

Осы орайда музейде өтіп жатқан акция аясында ауданымызға белгілі бірқатар тұлғалар тарихи жәдігерлерді музей қорына табыс етуде. Егер сіз де өлке тарихын насихаттап, мәдени мұрамыздың сақталуына себепші болғыңыз келсе төмендегі мекен жайға хабарласа аласыз.

Мекен жайы: Бадамша ауылы, Цибульчика 2/1. Жұмыс телефоны: 23269.

Қарғалы-АҚПАРАТ.