ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢА МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР
28 тамыз күні ауданымыздағы білім беру саласы қызметкерлерінің «Digital Kazakhstan: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогтердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.
Бұл ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – 2023-2024 оқу жылын қорытындылау және жаңа оқу жылының ерекшеліктерімен таныстыру, міндеттерді айқындау, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, цифрлы платформаларды қолдану арқылы білім алшақтығын азайту мәселелерін талқылау.
Тамыз кеңесінің отырысына аудан әкімі Нұрлыбек Өнербаев, еңбек ардагерлері, аудандық мекеме басшылары, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері қатысты.
Екі жүзге жуық адамның басын қосқан кеңесте озық цифрлы технологиялар мен жасанды интеллекттің маңыздылығы талқыланды. Сондай-ақ, кеңес барысында цифрлық көрме ұйымдастырылып, онда педагогтер STEAM лабораториясы, сабақ кестесінің электрондық тақтасы, робототехника, 3D принтер, тачпанельде электрондық кітаптар ұсынылды, және де оқыту үшін жайлы және қауіпсіз цифрлық ортаны құрудың жаңа модельдері түсіндірілді.
Кеңес Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың құттықтау сөзімен басталып, одан соң пленарлық сессияның ресми ашылу салтанатында аудан басшысы сөз сөйлеп, өңіріміздегі білім беру саласының дамуына тоқталып, барша педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, тамыз кеңесінде аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дуйсенова “Жаңа оқу жылының ерекшеліктері және білім беру ұжымдарының жаңа оқу жылына алға қойған мақсаттар мен міндеттері” тақырыбында баяндама жасады.
Кеңес соңында ауданымыздың бірқатар ұстаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының және де Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жұлдыз КЕНЖЕ