ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қарғалы аудандық мәслихатының келісімімен Нұрлыбек Амандоллаұлы Өнербаев Қарғалы ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ол 1980 жылы Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2002 жылы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2004 жылы – Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2002 — 2009 жылдары Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, Ақтөбе облысының қаржы департаментінің бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

2009 — 2011 жылдары Қарғалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған.

2011 — 2021 жылдары Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, Ақтөбе облысының тексеру комиссиясының мүшесі, «Ақбұлақ» АҚ вице-президенті, Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

2021 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейiн Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.