ТАБИҒИ ӨНІМДЕР-ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА

Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Бұл жәрмеңкеге Ақтөбе қаласының және Әйтеке би, Байғанин, Қобда мен біздің Қарғалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің  азық-түліктері шығарылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері нарық бағасынан 10-15% – ға төмен  деңгейде сатылып, қала тұрғындарына  ет, сүт, жұмыртқа, тары, жарма, ұн, шұжық, т.б. өнімдерімен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының өнімдері де ұсынылды.

Расында, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер мен табиғи өнімдерге деген қала тұрғындарының сұранысы жоғары. Сондықтан да, бұл жәрмеңкеден ауыл өнімдерін алып қалуға асыққан тұрғындар саны аз болмады.

Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сәйкес аталмыш жәрмеңкеде біздің ауданымыздағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 400 кг ірі қара еті және сүт өнімдері арзандатылған бағамен сатылды.

          Жұлдыз КЕНЖЕ

ТегтерЖәрмеңке