СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — АШЫҚТЫҚ ПЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ КЕПІЛІ

Кез  – келген  қоғамның дамуындағы басты басымдықтардың бірі — заң үстемдігін сақтау, сондай-ақ, мемлекеттік  органдардың ашықтығы мен халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік аппаратты жаңғырту сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетумен және қоғамда құқық бұзушылықтың кез келген түріне «нөлдік төзбеушілік» қағидатын  қалыптастырумен тікелей байланысты.

Аудандық мәслихат аппаратының басты міндеті — сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындау алғышарттарын толықтай жоятын тетіктерді қолдану.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың ең тиімді факторларының бірі — жұмыс процестерін ауқымды цифрландыру және автоматтандыру. Тікелей адами факторды алып тастау және халықпен өзара іс-қимылды электрондық форматқа көшіру бюрократиялық кедергілерді жоюға және теріс пайдалануға  жол беретін олқылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Заманауи ақпараттық жүйелерді, электронды құжат айналымын және кері байланыс платформаларын енгізу қабылданған шешімдердің толықтай  ашық  болуын  қамтамасыз етеді. Біз теріс пайдалануға және олқылықтарға әкелуі мүмкін жасырын тәуекелдерді анықтау мақсатында нормативтік актілерге, ішкі рәсімдерге мониторинг жүргіземіз.

Аудандық мәслихаттың барлық сессиялары, тұрақты комиссиялардың отырыстары, сондай-ақ, халық алдындағы есептер ашық форматта өткізіледі. Азаматтардың қабылданып  жатқан шешімдер  туралы  ақпаратқа  кедергісіз   қол  жеткізуін қамтамасыз ету — сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең  тиімді  жол.

Мемлекеттік  институттардың күшімен ғана сыбайлас жемқорлықты түпкілікті жою мүмкін емес.Бұл ретте Қарғалы ауданы тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымы шешуші мәнге ие. Аудандық  мәслихат  депутаттары  азаматтарға  жеке  қабылдау өткізіп, түскен өтініштерді қарап, халықтың талап-тілектеріне дер кезінде жауап береді. Біз  әрбір  тұрғын  өзін басқару процестерінің  тең құқылы қатысушысы  болуына  және  өзін толғандыратын  мәселелерді  ашық  білдіре  алуына  ұмтыламыз. Билік пен қоғамның ашық сұхбаты ғана өзара сенімге негізделген ортаны орнықтыра алады. Ойдың тазалығы, адалдық пен кәсібилік — бұл біздің күнделікті қызметімізде басшылыққа алатын негізгі стандарттарымыз.

 Қанат БАЙСЕУПОВ,

  аудандық мәслихаты  аппаратының басшысы,

әдеп жөніндегі уәкіл