Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ міндет

Елімізде қоғамдық қатынастарды реттейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң және мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп кодексі жұмыс жасайды.

Аталған заң талаптары, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға, мемлекеттік қызметші қарапайым болуға, қоғам мүдделеріне адалдық танытуға, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Қазынашылық комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің заңға негізделген шарасы басшылыққа алынып, жұмыстар атқарылады.

Ұйымдастырушылық шаралар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың болуына тосқауыл болады.

Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы  қызметкерлері де қызмет көрсету барысында аталған заң мен НҚА-лерді басшылыққа алады, жыл сайынғы активтер туралы жалпыға бірдей декларацияны уақытылы тапсырады.

Әрбір мемлекеттік қызметші-сыбайлас жемқорлық, Әдеп кодексі заңдарының талаптарын орындауды- өзінің парызы мен міндеті- деп есептеуі қажет-деп санаймын.

 Дина ЕРЖАНБАЕВА,

Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті

 Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы