Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
Өткен аптада аудандық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау басқармасында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері” тақырыбында семинар өтті.
Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екендігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі атап өткен болатын.
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған бұл семинардың мақсаты — сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.
Семинар барысында басқарма басшысы Айнагуль Бержанова мамандарға — жемқорлықты жою және оған қарсы тұру әр мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, жас мамандарға жемқорлықпен күреске бүкіл қоғам болып жұмыла күрескенде ғана жеңіске жетуге болады және де Президентіміз атап өткендей «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру – барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы екендігін атап өтті.
Қарғалы-АҚПАРАТ