СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтай біліңіз:

1.Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.

2.Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.

3.Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек!

4.Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге
болмайды!

Тыйым салынады:
-Жүрек ауруымен ауыратын
адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;
-Қатты толқын кезінде суға түспеу;
-Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу керек;
-Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
-Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;
-Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.

Суда қауіпсіздік ережелерді сақтау қажет
Суға тек арнайы жерлерде түсу;
Суға түсу кезінде кемелерге, басқа да жүзу құралдарына жақын бармау;
Камерамен, тақтайлармен, басқа да жүзуге болмайтын құралдармен суға
шомылуға болмайды, ескерту белгілері берілген кезде судан дер кезінде шығу;
Таныс емес жерлерге, жағалауларға суға сүңгімеу;
Су температурасы 18 градустан төмен болғанда суға түсуге болмайды.
Суға сынған банкілерді, әйнектерді лақтыруға болмайды, олар суға түсушілерге қауіпті болады;
Суда қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланбау;
Суға тек қасында үлкен адамдар болғанда ғана шомылу керек.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар.

Қарғалы ауданының ТЖБ