Спортшыларымыз жеңіс тұғырында

 Шілденің 4-7 аралығында Қарағанды қаласында жазғы Президенттік көпсайыстан Қазақстан кубогы өтті. Дүбірлі додаға ауданымыздың жас спортшылары қатысып, жүлделі оралды.

Бұл сайысқа еліміздің әр бұрышынан көптеген спортшылар қатысып,  спринт, пневматикалық мылтық ату, еркін жүзу, төзімділікпен жүгіру сынды спорт түрлері бойынша сынға түсті.  Аталмыш  жарысқа біздің ауданымыздағы Бадамша балалар жасөспірімідер спорт мектебінің спортшылары қатысып, үздік өнер көрсетіп, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.

Нақтырақ айтар болсақ, 12-13 жас ерекшелігі бойынша ер балалар арасында І орынды Илья Томчук, ІІ орынды Андрей Мороз иеленді.

Ал 12-13 жас ерекшелігі бойынша  қыз балалар арасында І орынды Ксения Шмальц, ІІ орынды Милла Ботнарь қанжығасына байлады.

Осылайша, жасөспірімдер спорт мектептері арасында өткен командалық сайыста
спортшыларымыз жүлделі ІІІ орынды иеленді. Спортшыларымызды додаға дайындаған  жаттықтырушысы — Айдар Жамалов.

         Жұлдыз КЕНЖЕ

ТегтерЖетістік