Сот тілінің қағидаты
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл -қазақ тілі. Қазақстан Республикасының егеменді, тəуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл.
Қазақ тілі – Қазақстан Республиқасының мемлекеттік тілі болып саналады.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қарғалы аудандық сотында іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сəйкес жүргізілетін сот тəжірибесінің талдаулары, жедел кеңес жəне семинар сабақ хаттамалары, жоғарғы сатыдағы соттармен жəне басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық жəне Қылмыстық Процестік Кодекстерінің 14 жəне 30 баптары бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады деп көрсетілген.
Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің құқықтық кепілі болып табылады.
Сот ісін жүргізу тілі туралы заңнаманың талаптарын сақтамау процестік заңды елеулі түрде бұзу болып табылады және шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.
Анара ЖЕНСИКБАВА,
аудандық сотының аға сот приставы