СІБІР ЖАРАСЫ

Сібір жарасы- бұл қоздырғышы Bacillus anthracis спора түзуші бактериясы болып табылатын жануарлар мен адамның жіті жұқпалы ауруы.
Бұл ауру адамға ауру жұқтырылған жануардың терісімен және жүнімен жанасудан немесе залалданған етті тұтынудан жұғуы мүмкін. Қоздырғышы: Bacillus anthracis бактериясы. Бұл ауруға көбінесе ірі қара мал, қой, буйвол, жылқы, есек, бұғы және түйе шалдығады.
Инкубациялық кезең: Бірнеше сағаттан 1,5 айға дейін созылады.
Аурудың ағымы мен белгілері: қауырт (найзағай тәрізді) ағымы жануарлар ешқандай клиникалық белгілерсіз кенеттен өледі, өршімелі ағымы дене температурасының 41-42 °C дейін көтерілу, бұлшықеттердің дірілдеуі, тамыр соғуы мен тыныс алудың жиілеуі, мазасыздық, енжарлық, жемнен бас тарту, денеде ыстық ісіктердің пайда болуы, алқым, мойын, құрсақ аймақтарының ісінуі және түйнеу (колика), жануар әдетте 2-3 күнде өледі.
Алдын алу шаралары: аурудың алдын алу үшін барлық сезімтал жануарларға (ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы) жылына бір рет профилактикалық вакцинация жүргізіледі .
ҚР АШМ ВБжҚК Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы




