Салық эпопеясы: мәреге жақын қалдық

Жаңа Салық кодексі Мәжілістен өтті. Енді Сенат бір қарайды. Одан кейін Мемлекет басшысының қол қойылуына жіберіледі. Осымен салық марафонын аяқтап, біз жаңа дәуірге аяқ басатын боламыз.
СОныме, базалық қосымша құн салығы – 16% болады. Қазіргіден 4 пайызға көп. Бұл енді өте жақсы компромис. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі қазіргі 78,6 миллион теңгеден 40 миллион теңгеге дейін қысқарды. Бұл да Үкімет пен бизнес ұзақ талқылап, нәтижесіеде пайда болған келісім. Бизнес үшін 15 пайыздан анағұрлым жақсы әрине.
Нақты жеңілдіктер болып, адрестілік арта түседі. Мысалы, дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге НДС төмендетілмек. Ол 2026 жылдан бастап 5 пайыз және 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады. Одан бөлек, қосымша құн салығынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, міндетті медициналық сақтандыру, сирек кездесетін және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу аясындағы тауарлар мен қызметтер, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар, отандық басылымдар, баспа түріндегі кітаптарды басып шығару қызметтері мүлде босатылады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатымен қосымша есепке жатқызуға қосылған құн салығы сомасы 70 %-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Оңайлатылған декларацияны реформалау аясында рұқсат етуші тізімінің орнына тыйым салынатын тізім енгізілді.
Мәслихаттардың өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып ±50%-ға дейін түзету мүмкіндігімен 4 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленді. Кәсіпкерлік субъектілері арасындағы операцияларға арнаулы салық режимін қолдану кеңейтілді.
Барынша баланс сақталғаны байқалады. Енді 2026 жыл аяқталсын. Сонда Жаңа кодекстің тиімділігін іс жүзінде тексеріп көретін боламыз. Оның бюджеттік дефициттің қысқаруы, орта бизнес үлесінің артуы, Ұлттық қордың сәл де болса өсе түсуі сынды үш негізгі белгісі болады. Осы белгілер орындалса, демек салық Махдиі қазақтарға келді деген сөз.