Сайлауға қатысу – азаматтың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуының бір жолы

Алдағы сайлау арқылы Құрылтайдың алғашқы құрамы қалыптасады. Бұл орган бес жыл бойы заңдар қабылдауға және ел үшін маңызды мәселелерді қарауға қатысады.

Сондықтан сайлаушының өз таңдауын еркін жасауы маңызды.

Әр азамат қай саяси партияны қолдайтынын өзі шешеді. Бұл шешімге қысым, мәжбүрлеу немесе басқа да заңсыз ықпал ету құралдары әсер етпеуі керек.

Сонымен бірге саналы таңдау үшін сайлаушыда толық әрі сенімді ақпарат болуы қажет.

Партиялардың бағдарламаларымен танысып, ұсыныстарын салыстыра отырып, адам өз ұстанымына сәйкес шешім қабылдай алады.

Ал құпия дауыс беру осы таңдаудың тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Меніңше, Құрылтайдың алғашқы құрамын қалыптастыруда осы қағидалардың маңызы ерекше. Өйткені өкілді органның құрамы азаматтардың еркін таңдауына негізделеді.

 

Жұбан Мейіржан Сенғалиұлы