Сәби аңсаған аналардың үміті

Құрметті Қарғалы ауданының тұрғындары!

«Аңсаған Сәби» Республикалық ЭКО бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың жалғасуы туралы назарларыңызға ұсынамыз. ЭКО квотасын алу үшін міндетті түрде алдын ала тексеруден өту қажет, сондықтан толық кеңес алу үшін аудандық емхананадағы әйелдерге кеңес кабинетіне келіп, бедеуліктің себептерін анықтап және ЭКО квотасын алуға жолдама алу керек. ЭКО процедурасына жататын әйелдердің жасы 41 жастан аспауы керек. Сондай-ақ антимюллерлік гормонның (АМГ — 1,0 нг/мл) және фолликулды ынталандыратын гормонның (ФСГ — 12 мИУ/д/мл) нәтижелеріне назар аудару қажет.

 Бағдарламаға қатысқыңыз келсе, тұратын жеріңіздегі медициналық мекемеге хабарласыңыз. Мемлекеттен ЭКО-ға квоталар ТЕГІН бөлінеді!

Ата-ана бақытын сезінуге тілектеспіз!

Қарғалы аудандық ауруханасы